«Мұғалжар ауданының білім бөлімі» ММ
«Ащысай негізгі орта мектебі» КММ
КГУ «Основная средняя школа Ащысай» ГУ «Отдел образования Мугалжарского района»
Мектеп формасы
2025-2026 оқу жылына бірыңғай 1-9 сыныптар үшін мектеп формасы бекітілді! Қыз балалар үшін: ақ блузка, қою көк белдемше және қою көк жакет немесе пиджак. Ер балалар үшін: ақ көйлек, қою көк шалбар және қою көк пиджак.
«Дарынды балаларға – талантты ұстаз»
2024 жылғы 20 ақпанда «Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» атты республикалық педагогикалық олимпиаданың облыстық кезеңі Ақтөбе қаласы, «High school Aktobe» жеке мектебінде өткізілді.
Педагогикалық олимпиаданың мақсаты – жас педагог қызметкерлердің шығармашылық әлеуеті мен өзін-өзі дамытуы үшін жағдай жасау, білім беру жүйесін жетілдіруге жас мұғалімдердің белсенді, кәсіби көзқарасын қалыптастыру, үздік педагогикалық идеяларды насихаттау.
Педагогикалық олимпиадаға 5 жылға дейінгі еңбек өтілі бар пән мұғалімдері, психологтер, тәлімгерлер, барлығы 47 педагог қатысты.
Олимпиада мазмұны педагогикалық зерттеу қызметінің шеберлігін, педагогикалық білім беруді, педагогтің жеке кәсіби маңызды қасиеттерін көрсете алатын конкурс тапсырмаларын қарастырды.
Жүлделі І, ІІ, ІІІ орын иегерлері а. ж. 4-6 наурыз күндері Алматы қаласында өтетін республикалық кезеңге қатысады.
«Ащысай негізгі орта мектебі» КММ КГУ «Основная средняя школа Ащысай»
ГУ «Отдел образования Мугалжарского района»